15 Маус 2022
Жаңалыктар 42

№42 "Ақ ниет" гимназиясында Балаларды қорғау мерекесі кеңінен аталынып өтті

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында гимназиямызда ”Балдаурен ” жазғы демалыс лагері салтанатты түрде ашылды. Жас ұландарымыз ҚР Мемлекеттік әнұранын орындап, “Балдәурен” демалыс лагерінің ашылуыменгимназия директоры Темиргалиев Е.Ж құттықтады.

Лагерьдің ашылу салтанатында әндер шырқалып, мың бұралған бишілер балаларымыздың көңілін көтерді. Оқушылар "Әрқашан күн сөнбесін" атты тақырыбында асфальтқа суреттер салды. Оқушыларымызды жазғы лагерь ашылуымен құттықтай отырып, алдағы демалыс уақыттарыңызда күш қуат жинап, рухани және дене күштеріңізді нығайтып, шымыр да мықты болуларыңызға тілектеспіз!