25 Мамыр 2020
Мектеп туралы

«№42 «Ақ ниет» гимназиясы»

 

 

View the embedded image gallery online at:
https://sh42-uralsk.edu.kz/#sigFreeId8fd75dc483

«№42 «Ақ ниет» гимназиясы»  мемлекеттік мекемесі- инновациялық үлгідегі қазақ тілінде оқытатын білім мекемесі.

Гимназия 1999 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімінің №176 шешімі негізінде қызмет етеді.

2012 жылы 1 қыркүйектен бастап, гимназия Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылығы 20 қыркүйекетегі №2354 қаулысы негізінде 1200 орындық типтік мектеп үлгісіндегі жаңа ғимаратқа көшірілі.

2020 – 2021 оқу жылында гимназияда 198 мұғалім қызмет атқарады. Оның 171 -і жоғары білімді, ал 17-інің арнаулы орта білімі бар. Педагог-зертеуші біліктілік санаттында -44, Жоғары санатты мұғалім – 7, педагог-сарапшы -33, І санатты мұғалім – 18, педагог-модератор -38, ІІ санатты мұғалім – 20. Мұғалімдердің сапалық құрамы 80% құрайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Ж. Бердіғалиева «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 2018-2020 оқу жылдары арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен 6 мұғалім марапатталды. Олар: Атауова Г.К., Темиргалиев Е.Ж., Каберова З.Ф., Сисенова Ш.С., Закирова Ш.Ғ., Сатдыкова Н.Н. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен технология пәнінің мұғалімдері Жаксыгалиев Е.С., Турушова К.З. марапатталды.

                                                             

Гимназия – «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының облыстағы базалық мектебі. Оқытудың жаңа технологиясын облыс көлемінде таратудағы нәтижесі үшін Қазақстан Оқу Ассоциациясының «RWST мектебі» сертификатына ие болды.

Оқушыларды қабылдау ерекшеліктері: Гимназия МАД, бастауыш, орта, жоғарғы буындар бойынша білім береді. МАД сыныбында – 110 оқушы, 1-4 сыныптарда – 1075 оқушы, 5-9 сыныптарда – 937 оқушы, 10-11 сыныптарда – 190 оқушы барлығы – 2312 оқушы білім алуда.

№42 «Ақ ниет» гимназиясы ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламасы, ҚР «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы» заңы, ҚР «Еңбек туралы» заңы, ҚР Конституциясы, ҚР «Бала құқықтары туралы декларациясы», ҚР «Педагог кадрларды аттестаттау» ережесі, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, т.б әдістемелік құжаттамаларды басшылыққа ала отырып жұмыстануда.

Гимназия заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Материалдық базасы толық қамтылған. Ғимарат үш блоктан тұрады. Бірінші бөлігінде – бастауыш сыныптар, екінші бөлігінде – орта және жоғарғы сыныптар, үшінші бөлігінде – әкімшілік пен мәжіліс залы, спорт залы, асхана, шеберханалар орналасқан. Мектеп ауласында спорт алаңы толықтай жасақталған.

2006 жылдан бастап гимназия директоры болып, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиев Ерік Жылқыбайұлы қызмет атқаруда.

 
Жаңалықтар