26 Сәу 2021
О школе

Психологиялық даму

Психологиялық түзету - педагог қызметкерлермен біріге отырып, жастардың оқудағы, мотивациялық аймақтағы қиындықтарын, асоциалды мінез-құлықтарын психологиялық түзету; - білім алушылардың өзін-өзі диагностикалауға, өзін-өзі түзетуге, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі дамытуға өмірлік басымдықтары мен құнды орнатылымдарды құрастыру.
Мектеп психологінің қызметіндегі 5 бағыттың бірі - түзету-дамыту жұмыстары. Бұл арнайы әдіс-тәсілдер арқылы баланың психологиясындағы, мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету болып табылады. Мазмұнына қарай бұл жұмыстар: танымдық, жеке тұлғалық, тұлға аралық қарым-қатынас, топ аралық қарым-қатынас, мінез-құлықтық аспектілері. Осы бағыттағы жұмыс үшін терапияларды да пайдалануға болады. Мысалы: Ойын терапиясы, би терапиясы, ертегі терапиясы, арт терапиясы. Бұл жұмыстар қажеттілігіне қарай топтық та, жекелей де өткізіле береді. Түзету жұмыстарында бала әртүрлі жағдайларды бойынан өткізеді, өзінің бойындағы мәселені басқа қырынан қарайды, салыстырмалы жұмыстардың нәтижесінде өз кемшіліктерін байқап, түзеуге ұмтылады, балалық шаққа саяхаттап қорқыныштары мен қуаныштарын жарыққа шығарады, болашаққа ұмытылу мотивациясы оянады.