Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының тарихы
Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшатын орны. Ұлттың рухани байлығы білімінде болса, ұстанар бағыты –тәрбиесінде. Ал білімнің сарқылмас көзі мектепте. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап Орал қаласында қазақ тілді қала тұрғындарының сұранысына сай қазақ мектептерін көбейту мәселесі басты назарда болатын. 1999 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімінің №176 шешімі негізінде инновациялық үлгідегі №42 «Ақ ниет» гимназиясы өз жұмысын бастады. Гимназияның алғашқы директоры болып Орал қаласындағы алғашқы қазақ мектептерін ашу жұмыстарының басы-қасында болған, білікті педагог Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы тағайындалды. 2006 жылдан бастап гимназия директоры болып, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиев Ерік Жылқыбайұлы қызметке тағайындалды.
2012 жылы 1 қыркүйектен бастап гимназия Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №2354 қаулысы негізінде 1200 орындық типтік мектеп үлгісіндегі жаңа ғимаратқа көшірілді. Гимназия ғимаратының барлық үй-жайларының жалпы алаңы – 15262 шаршы метр, ал жұмыс алаңы – 10500 шаршы метр, жер телімі – 3,7000 га. Мектеп ғимаратында 32 оқу кабинеті бар. Соның ішінде жаңа модификаияланған пәндік кабинеттер: биология – 2, физика– 2, химия– 2, информатика– 2, E-learning кабинеті– 2, ІТ сынып – 1. Сонымен қатар оқу-өндірістік 3 шебархана, би залы, спорт зал, спорт алаңы, 20 орындық оқыраман залы бар кітапхана, 320 орын көрерменге арналған акт залы мен 400 орынға арналған асханамен қамтамасыз етілген.
https://sh42-uralsk.edu.kz/mektep-turaly-41-1/mekteptarix.html#sigFreeId86d8292e9c
Гимназияның алғашқы ашылған кездегі ғимараты
https://sh42-uralsk.edu.kz/mektep-turaly-41-1/mekteptarix.html#sigFreeIda31ed27867
Қазіргі кездегі жаңа ғимараты
https://sh42-uralsk.edu.kz/mektep-turaly-41-1/mekteptarix.html#sigFreeId74bfc221d5
Гимназияның 1999 жыл мен 2012 жылғы ашылу салтанаттарынан