10 Қырқ 2022
Мектеп туралы

Пәндер бойынша ашық шаралар

«Цифрлық әлемге – кемел біліммен» атты информатика пәні бірлестігінің апталық есебі

Мақсаты:

  1. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды, заманауи интернет-ресурстар және платформаларды қолдануда мұғалімдермен тәжірибе алмасу.

2022 жылдың 12 – 15 желтоқсан күндері  аралығында «Цифрлық әлемге – кемел біліммен» атты информатика пәні апталығы болып өтті. Апталықтың жоспары ӘБ отырысында қаралып, бекітілді.

12 желтоқсан күні апталықтың ашылу салтанаты информатика пәні мұғалімдері М.Х.Бекенгаиева мен Г.Е. Ишанованың ұйымдастыруымен  акт залында бірінші ауысым бойынша 8-11 сыныптар арасында, екінші ауысымда 5 - 7 сыныптар арасында сыныптан тыс шара өткізілді. Апталықтың жоспары таныстырылды. Сыныптан тыс шарада оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыру мақсатында www.Joyteka.com білім платформасы және www.Wordwall.net платформасы қолданылды. Шара барысында информатика пәніне байланысты ребустар, жұмбақтар, кроссвордтар, тесттерді шешу бойынша тапсырмалар ұсынылып, жауабын тапқан оқушылар сый - сияпатпен марапатталды.

12 желтоқсан күні информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор А.Ж. Сүндетова 3«д» сыныбына «Роботтар ғарыш кемесінде» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.

Сыныптан тыс шара мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық технологиялар мен программалауды меңгере алатынына, әр жеткіншек программа құрастырушы ретінде сезінуіне және жүзеге асыра алуына сенім ұялатып, бүгінгі озық технологияны өздері жасауына ынталандыру. Оқушылар шара барысында видео шолу қарап, сабақтың тақырыбын ашты. Оқушылар алгоритм тілінде жасалған қадамдарды орындап, «code wards» программасының негізгі ұғымдарымен  танысса, практика бөлімінде бағдарламалау тілінде алгоритм құрды.

13 желтоқсан күні  12.00 уақытында информатика пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  гимназия мұғалімдеріне арналаған  «Brand-ustaz»  тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты:

Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды, заманауи интернет-ресурстар және платформаларды қолдануда тәжірибе алмасу.

Семинар барысында информатика пәнінің мұғалімі, педагог - модератор З.К.Бекеева Hand Аnimation бағдарламасын қолдана отырып, «Қолмен анимациялық жазу жасау» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі А.Е. Арыстангалиева https://mmrs.me/ сайтын қолдана отырып, «Жанданған видео»  тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Информатика пәнінің мұғалімі М.Х. Бекенгалиева www.renderforest.com  сайтында  логотипті қалай жасауға болатындығы жөнінде айтып өтсе, информатика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор А.А.Даулеткалиева күнделікті сабақта www.Wordwall.net платформасын қалай тиімді қолдануға болатыны жөнінде айтып өтті.

Информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Х.Ж. Баданова сабақ өткізу барысында немесе үй тапсырмасын беруде www.thingling.com  сайтын қолдана отырып, «Электронды парақ» қалай құруға болатының айтып өтті.

13 желтоқсан 13.00-де  жас мұғалімдер  Д.А. Асылбекова мен Г.Е.Ишанова 5 сыныптар арасында  «Квест - Инфо» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.

Интеллектуалды ойынның мақсаты:

Оқушылардың информатика пәніне, компьютерге деген қызығушылығын арттыру, пернетақтадағы ыстық пернелер функцияларын қолдана білуге, топтаса отырып берілген тапсырмаларды шапшаң орындауға, тапқырлыққа, тығырлықтан шыға білуге үйрету.

Интеллектуалды ойын нәтижесінде:

Беркалиев Д, Жалелов А, Сұңғат С. 1 орын иеленсе,

Акберлиева Ж, Аққали Н, Махсот Е, Меңдібай Г, Әзімбек Ш,Сатханов Д, Көшербай А. 2 орынға ие болды.

13 желтоқсан күні  14.00 уақытында гимназия әдіскері Г.К.Атауова мен информатика пәні мұғалімі М.Т.Елемесова «Е-портфолио дайындау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында мұғалімдерге https://zko.eportfolio.kz/ru/ сайтына тіркелу, электронды портфолиоға құжаттарды қалай тіркеуге болатыны түсіндірілді және мұғалімдер өздері сайтқа тіркелді.

14 желтоқсан күні апталық аясында робототехника пәнінің мұғалімі Р.Е.Сагиевтің ұйымдастыруымен «Роботты құрастыру және бағдарламалау» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Қалалық семинар мақсаты:

LEGO MINDSTORMS Education EV3 базалық жинақ жұмысымен, роботтардың басқару және бағдарламалау негіздері мен жинақталған механизмді іске қосу және бағдарламаларды құру принциптерімен таныстыру. Lego Mindstorms жинағы негізінде құрастырылған күрделі робот үлгілерін құрастыру.

Робототехника - өндірістің маңызды техникалық негізі болып табылатын автоматтандырылған техникалық жүйелерді дамытумен айналысатын қолданбалы ғылым. Семинарға қатысушылар роботтардың басқару және бағдарламалау негіздері мен жинақталған механизмді іске қосу және бағдарламаларды құру принциптерімен танысты. Семинар барысында мұғалімдер қарапайым роботтарды жинауға және жаңа модельдерді құруға қатысты. Lego Mindstorms жинағы негізінде құрастырылған күрделі робот үлгілері мен көрсетілген бағдарлама түрлері робототехника мұғалімдерінің білім деңгейін еселей түсті. Семинардың барлық қатысушылары оқытушылардың шеберлікпен ұйымдастырылған тәжірибелік іс - әрекеттеріне терең қызығушылықпен назар аударды. Семинарда алған білімдері қатысушылардың осы бағыттағы кәсіби деңгейін жақсартуға көмектесті деген сенімдеміз.

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай информатика пәнінің мұғалімдері Х.Ж.Баданова мен А.Е.Арыстангалиеваның  ұйымдастырумен  8-9 сыныптар арасында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында ең үздік презентация байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылықпен айналысатын оқушыларды ынталандыру.

Байқау барысында оқушылар Power Point бағдарламасында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында презентация дайындады. Байқауға қатысушылар  Power point бағдарламасында жұмыс жасай алатынын көрсете білді. Жоба құру барысында оқушылар өз біліктерін көрсете білді және бағдарламаның мүмкіндігін барынша қолданды.

15 желтоқсан күні  «Цифрлық әлемге – кемел біліммен» атты информатика пәнінің апталығының жабылу салтанаты өткізілді.

Апталық жабылуында информатика пәні апталығына белсенді қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді.

«Квест-Инфо» интеллектуалды ойына белсенді қатысқан Беркалиев Д, Жалелов А, Сұңғат С. 1 дәрежелі дипломмен мараптталса, Акберлиева Ж, Аққали Н, Махсот Е, Меңдібай Г, Әзімбек Ш,Сатханов Д, Көшербай А. 2 дипломмен марапалады.

Ал, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы ең үздік презентация байқауына қатысқан 9 «е» сынып оқушысы Наригеева Д. 1 орын, 8 «г» сынып оқушысы Аманша Ғ.  мен  8 «д» сынып оқушысы Сапуанова А. 2 орын, 9 «г» сынып оқушысы Мақсот А. 3 орынмен марапатталды.


Қалалық оқу бөлімінің  әдістемелік кабинетінің  жоспарына сай 22.08- 05.09.2022.ж аралығында   №42 «Ақ ниет» гимназиясында  қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, түркітанушы, ғалым А. Байтұрсынұлының  150 жылдығына арналған «Ахмет түрлендірген ана тіл» атты Тілдер апталығы болып өтті.

Тілдер апталығының  мақсаты мен міндеттері:

- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақын-жазушылардың шығармаларымен оқып танысу, әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту;

- педагог, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының тағылымдарын оқытып, оқушылардың ой-өрісін дамыту;

- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының ғибратқа, тәлім-тәрбиеге толы өлеңдерін оқыту арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

- ана тілінің қадір-қасиетін терең түсініп тануға және оны қолдану аясын кеңейтуге насихаттау;

                                                           Апталықтың жоспары:

Тақырыбы

Түрі, сыныбы

Уақыты

1

Ашылуы.

«Ахмет түрлендірген ана тіл»

Видеоролик, презентация

22.08.22

2

«Сеятель человечности ...»

Тренинг

23.08.22

3

«Akhmet Baitursynov-the sower of  humanity and knowledge»

Танымдық сағат

24.08.22

4

«Балалар!

Оқуға бар!

Жатпа қарап...»

Әдеби танымдық сағат

25.08.22

5

«Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тағылымы»

Дөңгелек үстел

26.08.22

6

«Ахмет еліне саяхат»

Интеллектуалды сайыс

6-сыныптар

02.09.22

7

Қорытынды.

«Ахмет Байтұрсынұлы – заңғайыр тұлға»

Танымдық сағат

05.09.22

Апталықтың ашылу сәтіне сәттілік тілеу үшін сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеушісі Р.Ж.Бердіғалиеваға  берілді.

      Тіл мерекесінің ашылуына өз үлестерін қосқан гимназия шәкірттері Балешова Ә, Жақсыгелді А, Серікова Ш, Серікқали М, Габдрахим А, Аманша Ғ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Тіл туралы» өлеңдерін оқыды.

  Қонысбайқызы А «Қанекей тілі» термесін тартып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

     Тіл мерекесіне арналған апталықтың ашылу сәтін Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген нақыл сөзімен аяқтадық.

 

23 августа   учителя МО "Русского языка и литературы" провели  познавательное мероприятие " Сеятель человечности",  посвященное 150-летию со дня рождения казахского духовного лидера Алаша, народного педагога Ахмета Байтурсынова.

   Цель мероприятия:

расширить знания о жизни и творчестве А. Байтурсынова, о тематике

 его книги «Қырық мысал».

Вниманию учителей  была представлена  презентация по творчеству поэта Байтурсынова.

В ходе мероприятия была проведена викторина ,а также  учителя  эмоционально инсценировали  сценки басни Крылова в переводе  Байтурсынова " Лягушка и вол", " Волк и кот ", " Мартышка и очки"

“Akhmet Baitursynov- the sower of humanity and knowledge”

Objectives: to advance participants’ knowledge about Akhmet Baitursynov, to practise them to search and learn necessary materials from his literary works.

Video: “Akhmet Baitursynov- the sower of humanity and knowledge”

“Akhmet Baitursynov- the sower of humanity and knowledge” presentation by Assel Margulanovna.

Tasks: 1. Say in English

Akhmet Baitursynov was born in …   (1872)

Akhmet Baitursynov’s anniversary.    (150)

  1. Translate into Kazakh

Who was Akhmet Baitursynov? 

         educator, translator, linguistic, literary critic, etc.

  • In the “Kazakh” newspaper he said: “Never forget that an independent life may claiм only the people who who speak their own language and have their own literature”. So his dream was to make all Kazakh children to be well educated. А.Байтұрсынов барлық қазақ балаларының білімді болуын армандады. Осы мақсатқа жету жолына бар өмірін, еңбегін арнады. Now, my collegues will introduce you with some literary works of Akhmet Baitursynov.

“The River and the swamp”  S.Baktygalievna        

  • Akhmet Baitursynov’s first work was “Masa”. The Kazakh newspaper published “Kyryk mysal”. He worked with the political party “Alash Orda” and translated Ivan Krylov’s fables. Now, let’s work with some fables of Akhmet Baitursynov.
  1. «Егіннің бастары»
  2. «Ат пен есек»
  3. «Қасқыр мен тырна»

Қатысушылар мысалдардың суреттері бейнеленген қиындыларды құрастыру арқылы топ құрайды. Әр топқа берілген мысалдардың мағынасын, ойын қағаз бетіне түсіру тапсырмасы беріледі.

Game Kahoot by Arslan Shamuratov. 10 questions.

Әр дұрыс жауап берген қатысушы марапатталады.

  • Dear collegues, our meeting dedicated to the 150th anniversary of Akhmet Baitursynov has come to an end. And we want to thank you for your active works and to wish our pupils to be well educated as Akhmet Baitursynov dreamt. See you later.

 

25 тамыз 2022 жылы    42 "Ақ ниет" гимназиясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 4-сынып оқушыларының қатысуымен "Балалар!Оқуға бар! Жатпа қарап!"атты әдеби танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынұлы туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.

Оқушылар алдымен педагог, ірі ғалым ,көркем сөз шебері, дарынды ақын-аудармашы А.Байтұрсынұлының өмірі мен ғибратқа толы өлеңдері, еңбектері жайында мағлұмат алды.

Оқушылар өлеңдерінен үзінді оқып,ертегілерінен қойылым көрсетті.

А.Байтұрсынұлы шығармаларының негізгі тақырыбын ашып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Әдеби танымдық сағаты "Әліппе"әнімен аяқталды.

Топтық жұмыс  Ахмет Байтұрсынұлы ертегілерін құрастыру, еңбектерін, өлеңдерін топтастыру

«Аққу, шортан һәм шаян» өлеңін жатқа айту

2022 жылдың 26 тамыз күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай №42 "Ақ ниет"  гимназиясында тарих пәні  мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тағылымы"  тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.  Шара барысында имназияның тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары ой бөлісіп, Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды өмір жолы, саяси қызметі, ХХ ғасыр басындағы  "Қазақ"  газеті мен Алаш зиялылары атқарған тағылымды қызметін көрерменге таныстырды.

 

2022 жылдың 2 қыркүйегі күні   «Ахмет түрлендірген ана тіл» тақырыбындағы апталық аясында 6-сыныптар арасында «Ахмет әлеміне саяхат»  атты  интеллектуалдық сайыс өтті.

Мақсаты:

ақынның шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру;

  • Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Сайыс «Көңіл күй» тренингісімен басталып, сайысқа қатысушы оқушылар Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асыл істі еске түсіріп, «Талап», «Еңбек», «Терең ой»,  «Қанағат» топтарына бөлінді.

І. «Ой қозғау» кезеңінің мақсаты   оқушылардың зейінін сайысқа

бағыттау болды.  Бұл кезеңде оқушылар «Серпілген сауалдар» әдісі бойынша Ахмет Байтұрсынов өмірі бойынша қойылған сұрақтарға жедел жауап берді.

  1. II. «Артық болмас білгенің» кезеңінде оқушылар «Қазына іздеу» әдісі арқылы Ахмет аталарын жаңа қырынан тану мақсатында А. Байтұрсынұлының сөздері мен ақын туралы пікірлер бойынша өз топтарында ой бөлісе отырып, «Ахмет Байтұрсынұлы –  ұлттық  аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер  орындаушы, айтулы композитор, өз  халқының этнографиясын, тұрмыс-салтын жете игерген әрі жан- жақты білім алған  үлкен парасат иесі, тіл жанашыры, ұлт ұстазы» деген тұжырым жасады.

 III.  «Қайталау – оқу анасы» кезеңінде оқушылар ақын шығармалары бойынша берілген сюжетті суреттер арқылы 5-сыныпта өткен  ақынның «Егіннің бастары», «Адамдық диқаншысы» өлеңдерін еске түсіріп, «Оқиғалар тізбегі», «Даналық ойдан нәр ізде», «Венн диаграммасы», «Екі жақты күнделік» әдістерімен берілген топтық тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады.

ІY. «Ізденген жетер мұратқа» кезеңінде оқушылар ақын шығармаларынан берілген үзінділер бойынша, оның тақырыбы мен идеясын, жаңашылдығын бүгінгі күн мәселерімен байланыстыра отырып постер қорғады.

Сайыс барысында көрермен оқушылар да «Майкрософт Формы» платформасында  дайындалған тапсырмаларды сілтеме арқылы орындау ұсынылды.

Сайыс қорытындысында  әділқазылардың бағалауы бойынша  I орынды «Қанағат» тобы, екі II  орынды «Еңбек» , «Талап» топтары, III  орынды  «Терең ой» тобы ие болып, Дипломдармен,  сайысқа белсенді қатысқан көрермен оқушылар  Алғыс хаттармен марапатталды.

 6-сыныптар арасында өткен  «Ахмет әлеміне саяхат»  атты  интеллектуалдық сайыс өз мақсатына жетті.

Қорытындысында  «Ахмет Байтұрсынұлы – заңғайыр тұлға» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Жексенғалиева мен Г.Батыргалиева Ахмет атамыздың жан- жақты тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы екенін дәлелдеп, оқушыларға мазмұнды , ұғынықты түсіндіре білді. Ұлт жанашырының тіл біліміне сіңірген еңбегін оқушылардың санасына жеткізді. 10,11- сыныптың қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы оқушылар Ахмет атамыздың бір сөзбен айтқанда «Феномен тұлға» екенін түсінді.

Жаңалықтар