15 Маус 2022
Жаңалыктар 42

2 маусым күні #42 "Ақ ниет" гимназиясы жанындағы "Балдәурен" лагерінде жоспарға сай "Балаға сыйлық" акциясы ұйымдастырылды

Мақсаты: оқушыларды қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа, жауакершілікке тәрбиелеу. Шараға 16 топ демалушылары қатысты. Кіріспе бөлімде оқушылармен "Көңілді күн" тренингі өтті. Демалушылар бір-бірімен танысып, игі тілектерін жолдап, "Көңілді күн" әніне көңіл көтеріп билеп алды. Негізгі бөлімде қатысушылар 3-топқа бөлініп, әрқайсысына тапсырмалар берілді және орындалу ережелері таныстырылды. 1-топқа: ашық хат жазу, 2-топқа: гүлдер салу, 3-топқа: қояндар салу тапсырылды. Оқушылар топтасып, ұйымшылдықпен атқарды. Шара соңында қолөнер бұйымдарын топтар бір-біріне жылы лебіздер айта отырып сыйлады. Жұмыстары ерекше, жаңашыл деп танылған топтар аталып өтілді. Акция өз мақсатына жетті. Ұйымдастырушылар жетекшілер: С.Нұрмуханова мен Д.Мурзакулова