15 Маус 2022
Жаңалыктар 42

«Біз бақытты баламыз, еркелеген» атты шара оздырылды

Гимназиямызда « Балалардың игілігі үшін» Республикалық акция шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше білімді беруді қажет ететін» оқушыларға арналған «Біз бақытты баламыз, еркелеген» атты шара оздырылды. Шараның 1-кезеңі оқушылардың «Қолөнер жәрмеңкесімен» басталды. Мұнда оқушылар өз қиялдарынан туындаған туындыларын таныстырып, бір-біріне сыйлады. Шараның келесі кезеңі оқушыларға арналған түрлі тапсырмалар мен ойындармен жалғасты, әсіресе оқушылар «Асық ату» ойыны мен «Кім шапшаң» ойындарына қызығушылықпен қатысты. Шара соңында әр оқушы марапатталып, кітаптар сыйға тартылды. Бала күлкісі, бала қуанышы, бала бақыты... деген аса бір ерекше әсерлі, көрініс тапқан шара соңында ата-аналар сөз алып, ұжымға алғысын білдірді. Осы шараға ат салысқан бастауыш сынып ұстаздары мен ата аналарға мың алғыс айтамыз!!!