15 Маус 2022
Жаңалыктар 42

"Ұранды елдің- ұрпағы қайсар" атты әскери-спорттық ойындар ұйымдастырылды

31 мамыр күні #42 "Ақ ниет" гимназиясында 5-8 сыныптар арасында "Ұранды елдің- ұрпағы қайсар" атты әскери-спорттық ойындар ұйымдастырылды.Эстафеталық ойынға 5 топ қатысты. Сайыс кедергілерден өту, бөренелерден жүгіріп өту, газтұмылдырық кию,доппен секіру сияқты турлардан тұрды. Эстафета барысында Кунтуған Нұрдәулет, Болатова Айзере, Қазыбекқызы Аяна, Қуантай Али сынды оқушылар ерекше ептілігімен көзге түсті.Әскери-спорттық шараның оқушыларға берері мол болды.